«Парыз» байқауы басталды.

«Парыз» байқауы басталды.

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру  және  әлеуметтік бағдарламалар  басқармасы 2025 жылы бизнестің жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына  қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқау халықтың әл –ауқатын одан әрі жақсарту үшін жаңа кәсіпкерлік  субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін  қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Байқау жыл сайын «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін»  атты төрт номинация бойынша  өңірлік және республикалық  деңгейлерде  өткізіледі.  Сонымен қатар байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы  сыйлығы қарастырылған.

Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсына алады. Ауданымыздың кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.

Өтінімдерді қабылдау -2025 жылғы 1 шілдеге дейін  Қарамеңді селосы Шаяхметов көшесі 2   мекенжайы бойынша «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінде  жүргізіледі.