Бруцеллёздің алдын алу

Бруцеллёздің алдын алу

Бруцеллёз — бұл Brucella атты әртүрлі бактерия түрлері тудыратын бактериалды
ауру. Бұл бактериялар көбіне ірі қара мал, шошқа, ешкі, қой және ит секілді
жануарларды жұқтырады.
Адамдарға жұғуы әдетте жұқтырған жануарлармен тікелей байланыста болу, жануар
тектес өнімдерді (мысалы, шикі сүт немесе одан жасалған ірімшік) тұтыну немесе
ауамен таралған қоздырғыштарды тыныс алу жолдары арқылы жұту нәтижесінде
болады. Аурудың көп жағдайы ешкі немесе қой сүтінен дайындалған
пастерленбеген сүт пен ірімшікті тұтынудан туындайды.
Бруцеллёз — жануарлардан адамға жұғатын ең көп таралған зооноздардың бірі. Бұл
ауру эндемиялық аймақтарда қоғамдық денсаулық сақтау үшін елеулі қауіп
төндіреді.
Ауру қоздырғышы — Brucella бактериясы. Жұғу жолдары:
 тері мен шырышты қабықтардағы ұсақ жаралар арқылы;
 ас қорыту жолдары арқылы — жұқтырған тағамдарды тұтынғанда;
 тыныс алу жолдары арқылы — шаңмен бірге тараған бактерияларды
жұтқанда.
Бруцеллалар тек жануарлар ағзасында ғана емес, олардың жүні мен сүтінде,
мұздатылған етте, сондай-ақ нәжістері арқылы топыраққа түскен жерлерде де
кездеседі. Бұл бактериялар төмен температура мен құрғақ ортада өмір сүру қабілетін

ұзақ уақыт сақтап, 1,5 айдан 6 айға дейін тіршілік ете алады. Алайда, 60°C
температурада жарты сағат ішінде, ал қайнатқанда бірден жойылады. Сондықтан
жануар тектес өнімдер термиялық өңдеуден өткен жағдайда толықтай қауіпсіз
болып есептеледі.
Аурудың негізгі белгілері:
 ұзаққа созылатын дене қызуы,
 қалтырау,
 бас ауруы,
 әлсіздік,
 дене сырқырауы,
 түнгі тершеңдік.
Бірнеше аптадан кейін буындардың ауруы мен ісінуі байқалуы мүмкін. Егер сізде
осы белгілер байқалса, дәрігерге жүгінген жөн.
Бруцеллёздің алдын алу қарапайым шараларды сақтау арқылы жүзеге асады:
 сүтті қайнатып немесе пастеризациялап барып тұтыну;
 шикі немесе шала піскен ет өнімдерінен бас тарту;
 жануарлармен байланыстан кейін қолды жуу, ауыл шаруашылығы
қызметкерлеріне қолғап кию;
 үй жануарларын бруцеллёзге қарсы вакцинациялау. Бұл вакцина жануарларға
арналған және оны кеңінен қолданатын елдерде бруцеллёз дерті жойылған
деуге болады.

Науырзым АСЭББ