Тұқымдарды фитопатологиялық зерттеу – бұл тұқым материалымен берілетін
қоздырғыштардың сандық және сапалық құрамын зертханалық жағдайда анықтау.
Зертханалық тексеру не үшін қажет? Тұқымдардың патологиясын және оларды
санитарлық талдау әдістерін білу жаңа патогенді қоздырғыштардың тұқыммен таралуын
болдырмауға, егістікте инфекцияның пайда болуын және егіннің шығынын болдырмауға
мүмкіндік береді. Тұқымдарды жұқтыру өну энергиясының төмендеуіне және олардың
өну жылдамдығының төмендеуіне әкеледі. Инфекцияланған тұқыммен себу вегетациялық
кезеңде аурудың өсімдіктерге берілуіне әкеп соғады және сол арқылы жаңа дақылдың
инфекциясын (ластануын) тудыратын ошақтар жасайды. Тұқымдарды фитоэкспертиза
міндетті түрде жүргізілуі керек. Агроном өзі жұмыс істейтін материалды білуі керек.
Тұқымның жан-жақты зақымдану патогенін тұқымға фитопатологиялық анализ
жасап зертханалық жағдайда анықтаймыз. Ол үшін тұқымды стол үстіне жұқалап жайып
сызғышпен төрт бөлікке бөліп аламыз осыдан орташа үлгі аламыз яғни 100 тұқым. Тұқым
өсіру үшін екі қабытты сүзгілі ақ қағазды мөлшері 120*105 см болатындай етіп қағазды
дымқылдап жоғарғы жағынан арақашықтығы 6-7 см тұқымдардың арақашықтығы 2 см
болатындай етіп ұрықшасын төмен қаратып орналастырамыз. Үстіне тағы ылғалды қағаз
жауып , оны ораймыз. Ораманы шыны ыдысқа салып термостатқа қоямыз орташа
температурасы 20-25 градус болу керек. Есепке алу үшін 7-8 күн әрі кетсе 15 күнде
өседі. Науырзым ауданы бойынша фитоанализ қорытындысы гельминтоспориос
ауруларыныың яғни тұқымның ұрықшасы және басқада жерлерінің қараюы анықталды
сонымен қатар фузариоз ауруы саңырауқұлақтар орналасқан тұқым ақ кейде ақшыл
қызыл көгілдір ұлпамен қапталады. Саңырауқұлақ тұқымның қабығында сақталады.
ҚР АШМ АӨК-дегі "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар
әдістемелік орталығы" РММ Науырзым аудандық филиалы тауар өндірушілермен, және
шаруа қожалықтарының басшыларымен, бірлесіп тұқым материалын фитопатологиялық
талдау бойынша жүргізілген талдау нәтижелерін, және тұқымдарды себу алдындағы өңдеу
бойынша ұсынымдарды бере отырып жұмыс істейді.
Бас фитопатолог Ж.Койбагорова .