№ 46 АРКӨ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 қазаннан 2024 жылғы 10 қазанның 20 сағ. 13 қазанның 20 сағ. аралығы

№ 46 АРКӨ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 қазаннан 2024 жылғы 10 қазанның 20 сағ. 13 қазанның 20 сағ. аралығы
Аймақтар: Астана, Абай облысы, Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы
Дереккөз Казгидромет

11 қазанда Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 12 қазанда облыстың оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.


11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 12 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.


11 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 12 қазанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде 2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.


Астана қ: 11 қазанда жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады. 12 қазанда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда күндіз, 12 қазанда тәулігіне екпіні 17-22 м/с. 11 қазанда ауа температурасы күндіз 8-10 градус жылыға дейін күрт төмендеуді, 12 қазанда түнде 2-4 градус аязға, күндіз 0-2 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.


12 қазанда Павлодар облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с, 12 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.


12 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысынд 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін төмендейді.


12 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін одан әрі қарай төмендейді.


12 қазанда Абай облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады, 13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 12 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, 13 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 12 қазанда күндіз 5-10 жылыға дейін күрт төмендейді, 13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін әрі қарай төмендейді.


13 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 аязға дейін, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі қарай төмендейді.