Адам папилломавирусымен ауырып қалуды қалай алдын алуға болады?

Адам папилломавирусымен ауырып қалуды қалай алдын алуға болады?

Адам папилломавирусы(АПВ) - жыныстық жолмен берілетін кең таралған инфекция. АПВ теріге, жыныс аймағына және көмейге әсер етуі мүмкін. Әдетте АПВ емделусіз өздігінен шешіледі. Кейбір жағдайларда АПВ инфекциясы аногенитальды сүйелдердің пайда болуына әкеледі. Басқа жағдайларда ол қатерлі ісікке айналатын қалыптан тыс жасушалардың дамуын ынталандыруы мүмкін. Жатыр мойны обыры – АПВ тудыратын қатерлі ісіктің ең көп таралған түрі. Жатыр мойны обырының 97% осы вируспен байланысты. Бүгінгі таңда жатыр мойны обыры дамушы елдердегі әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі болып табылады.

АПВ тудыратын онкологиялық аурулардың алдын алу үшін вакциналарды қолдануға болады. Жүргізілген зерттеулер вакциналардың қорғау уақыты ұзақ мерзімді екенін көрсетті. Зерттеулерде вакцинаны енгізгеннен кейін 10 жыл ішінде вакциналардың иммуногенділігі төмендемегені дәлелденді. ДДҰ бұл вакцинаны қауіпсіз және тиімді деп мақұлдады. Вакцинаны бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамдар зерттеді және зерттеу деректерінің нәтижесінде елеулі жанама әсерлер табылған жоқ. Ең жиі кездесетін жанама әсерлер вакцина енгізілген жерде қызару, безгегі, бас айналу және жүрек айнуы болды.  Адам папилломавирусына қарсы вакцинаны жыныстық қатынас өмірі басталғанға дейін жасалуы керек.

Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспарға сәйкес осы жылдың қыркүйек айынан бастап АПВ-ға қарсы вакциналау да қолжетімді болады. Екпені ата-анасының ерікті келісімімен 11 жастағы қыздар ала алады. Вакциналарды ДДҰ мақұлдаған және Еуропа, Австралия және АҚШ елдерінде сәтті қолданылады.

Сондай-ақ, жатыр мойны обырының тұрақты скринингі  және  оны бақылау жатыр мойны обырының көпшілігінің алдын алатыны анық. Тұрақты тексерулер аурудың өзін ерте сатысында анықтап қана қоймай, сонымен қатар ісік алдындағы жағдайларды және жатыр мойнының басқа патологияларын анықтауға мүмкіндік береді.