Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 23 мамырда Науырзым ауданы әкімінің, сонымен қатар Науырзым ауданының мемлекеттік органдары басшылығының «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтуге жоспарланған.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 13-22 мамыры аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 21-0-20 телефоны бойынша алуға болады.

Науырзым ауданы әкімінің аппараты