Мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар

Мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ТМД мемлекеттері арасында осы саланың көшбасында жүргені және үлгі болып тәжірибе бөлісер жетістіктерге жеткені баршамызға мәлім. Оның бірден-бір дәлелі алғашқылардың бірі болып 1999 жылы 23 шілдеде тұтас бір мемлекеттің стратегиялық мақсат міндеттерін жүзеге асырушымеханизмін құрайтын мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, әлеуметтік қорғалуын, қызметтік тәртібі мен әдебін айқындайтын, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің қағидаттары нақтыланған, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруін және өткеруін реттейтін Мемлекеттік қызмет туралы Заңының қабылдануы.

Бұған дейін Заң күші бар Елбасының Жарлығы қабылданғанын айтып өткен жөн.

Содан бері еліміздің мемлекетттік қызмет саласының заңнамасы заман талаптарына сай жетілдіріп қолданыс аясын кеңейтті. Алғашында бұл заңнама тек саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін қолданылса, қазіргі таңда барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылады.

 

Қолданыстағы 2015 жылы қабылданған Заңға 2019 жылғы желтоқсан айында толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстың қағидаларына да өзгерістер енгізілді.

Қағидаға енгізілген өзгерістердің бірден-бір ерекшелігі заманауи технологияларды пайдалану мүмкіншілігі. Атап айтар болсақ, бос мемлекеттік лауазымға қатысу үшін қажетті құжаттар электронды түрде қабылданып, конкурсқа қатысушалрмен әңгімелесуді видеоконференцбайланыс, «skype»бағдарламасы немесе басқада онлайн видео тарататын бағдарламалар мен қосымшалар арқылы өткізу мүмкіндігі.

Бұл дегеніміз конкурсқа қатысушылардың бірі басқа бір елді мекеннен болған жағдайда, әңгімелесуге қатысу үшін екінші елді мекенге барудың қажеттігі жоқ. Нәтижесінде қазіргі таңда тапшы болып табылатын уақытүнемделсе, сонымен қатар, жұмыстан сұрануды, жол және пәтер жалдауды қажет етпейді, сәйкесінше шығыны да жоқ.

Өз кезегінде мемлекеттік қызмет саласының уәкілетті органы болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметшілеріжәне он сегіз жасқа толған еліміздің азаматтары конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамаыз ету мақсатында өткізілетін кез-келген бос лауазымға орналасу конкурсына байқаушы ретінде жоғарыда аталған байланыс түрлерін пайдаланып отырып қатыса алады.

Байқаушы ретінде қатысу үшін әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын кадр қызметіне телефон немесе электрондық пошта арқылы хабардар етсе жеткілікті.

Сонымен қатар, осы қағиданың тағы бір жаңашылдығы әр конкурсқа өткізілетін әңгімелесу барысы техникалық бейнежазаба құралдарына жазылып, осы видео конкурс өткеннен кейінгі бір жылдан кем емес уақыткадр қызметінде сақталады.

Конкурсқа қатысушы кандидаттың келісімі болған жағдайда жүргізіліп жатқан әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн транслацияжасауға да жол беріледі.

Қорыта келе, ақпарат пен технологиялар заманы болып табылатын уақытта Елбасының бес институционалды реформасының бірі – кәсіби аппаратты қалыптастыратынмемлекеттік қызмет заңнамасына өзгерістер мен толықтырылулардың енгізіліуі заман талабы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А. Ембергенов