Құрметті Науырзым ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Науырзым ауданының тұрғындары мен қонақтары!

"Наурыз мейрамын" мерекелеу қарсаңында Қараменді ауылында және ауданымыздың басқа да бірқатар ауылдық округтерінде Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, оған ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың иелері қатысады.
Жәрмеңке сөрелерінде сіз ет, сүт және көкөніс тағамдарының, азық-түлік өнімдерінің, өңдеу кәсіпорындарының өнімдерінің, балықтардың кең ассортиментін көресіз. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі-табиғи және арзан өнімдерді сату.
Іс-шаралар 2023 жылдың 21 наурызында өтеді.
Қараменді ауылында өтетін орны: Орталық алаң (әкімдік ғимаратының жанында), басталуы сағат 10-00-де.

Басқа елді мекендерде іс-шараларды өткізу орны мен уақыты мәселелері бойынша тиісті ауылдық округ әкімдігіне хабарласуға болады.