АҚШ тәжірибесі: ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі

АҚШ тәжірибесі: ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі

Қостанай облысы - 2023 жылдың 10 наурызында Наурызым ауданы Қарамеңді ауылында EmpowHERment ауыл және ауылдық аймақтарда тұратын әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін (әлеуметтік кәсіпкерлік) кеңейтуге бағытталған воркшоптер легі өткізілді.

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік, өз кезегінде, ауыл тұрғындарын өнімді жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы ауылда әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттырып, жергілікті қауымдастық мәселелерін шешу жолы ретінде қарастырылады.  EmpowHERment – "мүмкіндіктерді арттыру, кеңейту" мағынасын білдіреді.

 

Жобасы аясында Қараменді ауылының тұрғындарына қаржылық сауаттылық, әлеуметтік кәсіпкерлік (бизнес-идея қалыптастыру), цифрлық сауаттылық воркшоптары және нетворкинг (өңірлік кәсіпкерлер және эксперттермен кездесу) ұйымдастырылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында, қатысушыларға сертификаттар және шағын дәм тату ұсынылды.

Наурызым ауданының ХЖҚО басшысы Айман ханымның пайымдауынша «Ауыл әйелдері қазіргі қазақстандық қоғамдағы орасан зор және ықпалды күш болып отырғаны даусыз. Сондықтан, әйелдер кәсіпкерлігін ауылды жереде дамытудың маңыздылығы зор». EmpowHERment жобасы Community Solutions Program және Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлестікте жүзеге асырылды.

Ақпараттық анықтама

Community Solutions Program (CSP) қоршаған ортаға, бейбітшілік пен жанжалдарды шешуге, ашықтық пен есеп беруге, әйелдер мен гендерге қатысты мәселелерді шешу арқылы өз қауымдастықтарын жақсарту үшін жұмыс істейтін мамандарға арналған бір жылдық кәсіби көшбасшылықты дамыту бағдарламасы болып табылады.

Вебсайт https://www.irex.org/project/community-solutions

Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыс істейді.

Жұмыспен қамту орталықтары 2011 жылы жергілікті атқарушы органдармен құрылды. Қазақстанда қазіргі уақытта 207 жұмыспен қамту орталығы жұмыс істеп тұр, олар аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда тұратын адамдарды қабылдайды.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын жүзеге асыру.

Вебсайт https://www.enbek.kz/kk/employment-services/czn