Қостанай облысының әкімі «құрылыстың инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы» мәселе бойынша алқа өткізді.

Қостанай облысының әкімі «құрылыстың инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы» мәселе бойынша алқа өткізді.

«Құрылыс саласы, Қазақстан экономикасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі және инвесторлар үшін ең тартымды болып қала береді. Бұл соңғы жылдары тұрақты өсімге ие болған салалардың бірі.
Біздің облыста құрылыс қарқынды дамып келеді: жаңа ғимараттар пайда болып, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінен мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда»- деп атап өтті аймақ басшысы.
Облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен барлығы 448,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 3 892 пәтер пайдалануға қабылданды.

Білім беру объектілерін салу. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 6,1 млрд. теңгеге жалпы орта білім беретін мектептердің 4 нысанының құрылысы жалғасуда.
-Қостанай қаласында жалпы сомасы 4,3 млрд. теңгеге 1880 орындық 2 мектеп (шағын ауданында. «Береке» 980 орынға-2 млрд. теңге. 900 орындық «Қонай» - 2,3 млрд.теңге.).
-жалпы құны 2,5 млрд.теңге болатын 2 мектеп салу, Қарабалық ауданының Гурьяновка ауылында 100 орындық (құны 1,3 млрд. теңге), Қостанай ауданының Еңбек ауылында 100 орындық.

Денсаулық сақтау объектілерін салу. Қостанай облысында «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 25 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Ағымдағы жылға 7 нысанның құрылысы жоспарланған.

Спорт нысандарының құрылысы. Дене шынықтыру-спорттық тәрбиенің жалпыұлттық жүйесін қалыптастыру үшін ағымдағы жылы «Ауыл-ел-Бесігі» бағдарламасы шеңберінде облыстың ауылдық елді мекендерінде 6 спорт кешенінің объектілерін салу жоспарланған.Бұл мақсаттарға бюджеттен 1,6 млрд.теңге, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты есебінен 1,4 млрд. теңге көзделген.

Дереккөз Қостанай облысының әкімдігі