Бүгін Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың төрағалығымен автомобиль жолдары мен көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі алқа өтті.

Бүгін Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың төрағалығымен автомобиль жолдары мен көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі алқа өтті.

Қостанай облысында жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 9 057 км құрайды, республикадағы ең ұзын болып табылады.
Ағымдағы жылы автожол саласын жөндеуге барлық бағдарламалар бойынша 37,3 млрд.теңге бөлінді, жергілікті маңызы бар 461 км автожолдар мен елді мекендердің 261 км көшелерін жөндеу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша бөлінген қаражатты ескере отырып, елді мекендер көшелерінің жағдайы 49% - дан 54% - ға дейін жақсартылатын болады.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

Дерекқөз Қостанай облысының әкімдігі