Қостанайда менталды ауытқуға ұшыраған балаларға арналған аранйы орталық ашылады

Қостанайда менталды ауытқуға ұшыраған балаларға арналған аранйы орталық ашылады

Қостанай облысында аутизмі бар 276 бала және психикалық ауытқуға ұшыраған 1528 бала көмекке мұқтаж. Аймақта мұндай балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандандырылған мекемелер жоқ.
Осы олқылықты жою мақсатында Қостанай қаласында арнайы орталық құрылады. Мекеме бір мезгілде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 150 баланы қабылдай алады. Бір күнде орталықта 4,5 сағаттан 300-ге жуық баланың ем қабылдауына жағдай жасалады.
Құрылыс нысанының жұмысымен танысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа орталыққа жоғары білікті мамандардың тартылатынын тілге тиек етті.
Даму ерекшеліктері бар баланы тәрбиелейтін отбасылардың дені материалдық қолдауға зәру. Орталықтың көмегімен мұндай ата-аналарға жұмысқа шығуға, қаржылық жағдайын түзетуге мүмкіндік туады.
- Біз, балаларға қажетті көмек пен қолдауды күшейтетін боламыз, - деді облыс әкімі.

Дереккөз Қостанай облысының әкімдігі