
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық кіші жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында 2020 жылдың 25 ақпанында Науырзым ауданының аумағында «Көктем-2020» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Науырзым ауданының Азаматтық қорғаныс аудандық ішкі жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын су тасқыны кезеңінде төтенше жағдай туындаған кезде әрекет етуге дайындау».








