ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2022 жылғы 20 қараша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!  2022 жылғы 20 қараша  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз конституциялық сайлауға қатысу құқығыңызды іске асырудың кепілдігі болып табылады.

Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында
7 қазанға дейін жарияланады.

Егер Сізге ағымдағы жылғы 20 қазанға дейін сайлау күні өзіңіздің тіркелген жеріңіздегі сайлау учаскесінде дауыс бермейтініңіз белгілі болса, Сіз уақытша болатын жеріңіздегі әкімдікке өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Сізді енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Егер Сіз тұрғылықты жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз және сол тұрғылықты жерде уақытша тіркелген болсаңыз, Сіз 2022 жылғы 20 қазаннан кешіктірмей өзіңіз уақытша болатын жеріңіздегі әкімдікке сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Сізді енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Ағымдағы жылғы 22 қыркүйек пен 20 қараша аралығында өзіңіздің қалаңыздың немесе ауданыңыздың CALL–орталығына қоңырау шалу арқылы Сіз сайлаушылар тізімдемесінен енгізілгеніңізді және Сіздің сайлау учаскесінің орналасқан жерін нақтылай аласыз немесе Қостанай облысы әкімдігінің сайтындағы «Сайлау учаскесін іздеу» цифрлық сервисін келесі сілтеме бойынша пайдалана аласыз: http://uch.kostanay.gov.kz

4 қарашадан бастап Сіз тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесіндегі тізімдегі өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын тексере аласыз. Қателіктер жіберілген немесе сайлаушылар тізіміне енгізілмеген жағдайда, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне аласыз, аталған комиссия өтінішті келіп түскен күні қарайды.

 

Сонымен қатар, елді мекеніңізден тыс жерге баратын болсаңыз, Сізге дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі еліміздің кез келген учаскесінде дауыс беру мүмкіндігін береді. Есептен шығару куәлігін Сіз 4 қарашадан бастап 19 қараша күнгі сағат 18:00-ге дейін жазбаша өтінішіңіздің негізінде және жеке куәлігіңізді көрсете отырып, өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан ала аласыз.

Бір елде мекеннің шегінде есептен шығару куәліктері берілмейді.

Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы есептен шығару куәлігіңіз бен Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Сізді болатын жеріңіз бойынша сайлаушылар тізіміне енгізеді.

 

 

 

СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ!

СІЗДІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ КҮТЕМІЗ!

«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі  Жарлығына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің жанындағы сайлаушылар үшін Call-орталық ашылды.

Сайлау өткізуге байланысты барлық сұрақтар бойынша, сайлаушылар тізіміне өз деректеріңізді қосу және алып тастау, сонымен қатар нақтылау бойынша сіз дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін 8 (71454) 21-5-79 и 21-5-35 Call-орталығының телефондарына хабарласа аласыздар.