Құрметті Науырзым ауданы тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция Күні - мемлекеттік мерекемен құттықтаймын!

Құрметті Науырзым ауданы тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция Күні - мемлекеттік мерекемен құттықтаймын!

Еліміздің негізгі заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда - бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді және бір тұтас Қазақстан елінде-халқын танытатын барлық этностар өкілдерінің құқықтарының тең дамуын қамтамасыз етті .

Қазақстан Республикасының Конституциясы халық бірлігінің және мемлекетіміздің тәуелсіздігінің берік іргетасы болып саналады.
Басты саяси және құқықтық құжаттың ережелеріне сүйене отырып, ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының: бостандық пен өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігі туралы армандары жүзеге асырылды.

Қазақстанда әрбір қазақстандық, келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ,еңбекте жеміс тілеймін.

Науырзым ауданының әкімі Қ.Әбішев