Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде 28-ші шілде күні «Өнерлінің - өрісі кең» атты мастер-класс өткізілді

Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде  28-ші шілде күні «Өнерлінің - өрісі кең» атты мастер-класс өткізілді

Өнерлінің – өрісі кең атты өткізілген мастер-классқа 20 бала белсенді ат салысты. Жұмыс барысында оқушылар картон қағаздан бұйымдар жасауды үйренді.

Сабақтың мақсаты: Қағаздан бұйымдар жасау туралы мәлімет беру.
Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаз пластикасымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: адам мен тірі табиғат арасындағы байланыс туралы мағлұмат бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Бұл мастер-класстан оқушылар картон қағаздан заттарды, желіммен жұмыс жасауды, жұмыс барысында ұқыпты -тиянақты болуды, саусақ маторикаларын дамытуды игерді. Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-біріне деген қамқорлық, көмек беру, жұмысты біріге жасауды үйренді.Жасаған заттарын күнделікті өмірде де қолдана алады.