Жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы ақпарат

Жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы ақпарат

Біздің әрқайсымыз күтпеген жағдайға тап болуымыз мүмкін, қауіп төнген адамға кім көмектеседі. Ең алдымен, оның өзі! Мұны түсіну - қауіпсіздік негіздерін үйренудің алғашқы және маңызды қадамдары болып табылады.

Жүргізілген жұмыстағы талдаулар көрсеткендей, жазатайым оқиғалардың себептері -қауіпсіздіктің қарапайым жолдарын, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білмеуі, сондай-ақ энергия объектілерінің жанында жәбірленушілердің өздерінің де, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың да қарапайым ережелерді білмеуі және оларды сақтамауы болып табылады. Қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс әдістері мен нысандарын, сондай-ақ балалардың ата-аналарының жазатайым оқиғалардан сақтануға бақылау жасауы күнделікті түрде бола бермейді.

Адамдарға үй ішіндегі тұрмыстық электр аспаптары, жол бойында келеңсіз жатқан қауіпті сымдар, маңайында ойын алаңдары бар тұрғын үй массивтерінің аулаларындағы трансформаторлық қосалқы станциялар ерекше қауіп төндіреді. Соңғы уақытта ойын балаларына байланысты жазатайым оқиғалар көптеп орын алды, олар қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін білмегендіктен, адам өліміне әкеп соғатын электр тогымен зақымданған жағдайлар бар.

Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, мәселен, трансформаторлық қосалқы станциялардың есіктері құлыппен жабылуы тиіс, қақпақтарына ескерту плакаты мен жазулары ілінуі тиісті.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ жазатайым оқиғаларды болдырмау және алдын алу мақсатында, азаматтардан қосалқы станциялар мен әуе желілерінің жанындағы қауіпсіздік белгілеріне баса назар аударуды, электр қондырғыларының қоршаулары мен тосқауылдарынан өтуге жол бермеуді, кернеудегі қоршалмаған ток өткізгіш бөліктерге жақындамауды сұрайды. Сондай-ақ ата-аналардан қауіпсіздік техникасын сақтау тақырыбында балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді өтінеді.

Біз, ересек жандар, балалар үшін қауіпсіздік негіздерін үйретудің негізгі көмекшілері болуымыз керек. Балаларды қауіпті жағдайларды алдын-ала білуге және олардан аулақ болуға, жазатайым жағдайдан қашық болуға үйрету керек. Ең бастысы - қауіпсіздік ережелерін білу ғана емес, сонымен қатар сақтау маңызды екенін есте ұстаған жөн.