Сабақтың мақсаты - оқушылардың, бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі - экология туралы түсінігін арттыру. Қазақстанның апатты аймақтарына тоқталу. Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көзінің қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу болды.
Осы ашық сабақ барысында оқушыларымыз бүгінгі күннің өткір мәселесі болып отырған экология ұғымын жан-жақты қарастырып, еліміздегі апатты аймақтар - Семей ядролық сынақ полигоны, Арал теңізі экологиясы, Каспий теңізі экологиясы жайлы ой толғады. Оқушылар еліміздегі апатты аймақтар жайлы өздерінің ізденіс жұмыстарын талқылап, болашақта осындай экологиялық апаттар қайталанбас үшін, олардың алдын алу үшін не істей аламыз?- деген сұраққа ой пікірлерін, көзқарастарын ұсынды.
Еліміздің табиғаты гүлденіп, экологиялық жағдайы жақсару өзімізге байланысты екені, ол үшін оқушыларға экологиялық мәдениеттің жоғары болып, табиғатпен үйлесімді өмір сүру керектігі, күнделікті өмірде де, табиғат аясында да өздерін жауапкершілікпен ұстау керектіліктері жайлы айтылды.
Адам әрекеттерінің бір ұшының экологиялық ахуалымыздың төмендеуіне әкеліп соғып жатқан іс-әрекеттері және қоқыс қалдықтарының қоршаған ортамызға ондағы тірі ағзаларға тигізіп жатқан зардаптары жөнінде бейнематериал көрсетілді.
Оқушылар экологиялық мәдениеттің бір қыры, керексіз заттарды, қалдықтарды пайдаға асырып, оларға екінші өмір сыйлау деп тауып, өздерінің табиғатты аялауға қатысты өз қолдарымен жасаған макетін қорғап шықты. Олар осы «Табиғатты аялайық» макеті арқылы «Туған жердің табиғаты гүлденіп, адамдардың экологиялық мәдениеті артса, туған жердің табиғатына жауапкершілікпен қараса, елдегі экологиялық жағдай да жақсарар еді» - деген ой-пікірлерін білдірді.
Утельбаева Гульнур Аманжоловна
«Жас эколог» үйірмесінің жетекшіс