Шилі ауылдық кітапханасы «Ертегі сыр шертеді» тақырыбымен «Қызғалдақ» бала-бақша тәрбиенушілеріне арналған жылжымалы кітап көрмесін ұсынды. Көрмеге керемет суреттермен безендірілген сиқырлы ертегілер қойылып, кішкентай бүлдіршіндер «Бремен музыканттары» атты ертегі кейіпкерлерімен танысты. Шилі ауылдық кітапханасы қарым-қатынас жасаудың қолайлы мезетін жібермеу үшін үнемі балабақшалармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Кітапханашы кітаптармен таныстыру барысында балаларды бояуының ашықтығымен және суреттерімен еліктіре тартатын, әсерлі де көркем кітапшалардан түрлі оқиғаларды әңгімелеп берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жаңа ұрпақты кітап оқуға, оның құндылығын қорғауға, шығармашылық әлеуетін ашуға ұмтылдыру болды.
Балалар кітапханашының кітаптарға мұқият қарау жөнінде шағын түсіндіру үндеуін ықыласпен тыңдады. Кездесу соңында балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді.
Кітапхананың балабақшаға келуі бірлесіп оқу өте тиімді әрі қызықты болатынын көрсетті. Балалар өздеріне арналған көркем суретті кітаптарды құмарта қарап, белсене тамашалады.