Аудандық дөңгелек үстел

Аудандық дөңгелек үстел

Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту

тақырыбындағы аудандық дөңгелек үстел.

2021  жылдың  22 қыркүйек  күні «Қостанай  облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі ұйым «Балдырған» бөбекжай-бақшасының  педагогтарының ұйымдастыруымен және«Қостанай  облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ   жұмыс жоспарына сәйкес  аудандық  деңгейде дөңгелек үстел өтті. Аудандық білім бөлімінің  әдіскерлері мен мектепке дейінгі ұйым педагогтары  қатысты. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата -анамен баланың арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата -анаға деген бала махаббатын ояту. Балабақша, тәрбиеші, ата- ана үштігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым -қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелдің практикалық бөлімінде «Балдырған» бөбекжай-бақшасының  меңгерушісі Нургожина Гаухар Абикеновна «Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы» тақырыбында  баяндама жасады. Мектепке дейінгі ұйым әдіскері  Валиева Канымкуль Альбековна «Ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас технологиясы» тақырыбында топпен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үлкен шеберлікпен көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Балдырған» бөбекжай-балабақша ұжымына және балабақша меңгерушісі Г.Нурғожинаға  б жоғары деңгейде ұйымдастырылған  аудандық дөңгелек үстелге  алғысымызды білдіріп, еңбектеріңіз жанып, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін демекпіз.

«Қостанай  облысы әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ

мектепке дейінгі ұйым әдіскері Қ.Валиева