«АУКЦИОН»

«АУКЦИОН»

Науырзым ауданының әкімдігі

         Жалпы саны 1 лот бойынша уақытша мерзімі 6 жылға жер учаскесіне жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді.

         Аукцион 2021 жылғы «11» қазанда сағат 15-30-да Қарамеңді ауылы, Ш.Жанибек көшесі, 1 аудан әкімдігінің ғимараты, 3-ші қабатта мәжіліс залы мекенжайында өтеді.

          Аукцион өткізу әдісі – ағылшынша, бағалардың өсу қадамы – жер учаскесінің жалдау құқығының бастапқы (ағымдағы) бағасынан 10%.

            № 1 ЛОТ – контейнерлік сауда павильонының құрылысы үшін Қарамеңді ауылы Мешітбай Сүгірулы көшесі «Жастар» саябағы мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі ауданы 0,015 га, лоттың жалдау құқығын сатып алудың бастапқы бағасы – 30 533 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері – 145 850 теңге. Пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар – жоқ.

Кепілдік жарна депозит есебіне енгізіледі.

         ЖСК KZ4507050346305158006, БСК KKMFKZ2A, БСН 060140006240, «ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті» РММ, алушы – «Науырзым ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Код 12.

         Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

         Жер салығының базалық ставкасында қолданылатын коэффициентінің түзету есебіне байланысты жыл сайынғы жалдау ақысы жер салығының 100% көлемінде белгіленеді.

         Жер учаскелеріне жалдау құқығын сатудың шарттары: Нысаналы мақсатына сәйкес міндетті пайдалану, санитарлық, өртке қарсы, ветеринарлық, экологиялық талаптарды, қауіпсіздік ережелерін, сауда туралы заңнаманы және заңнамамен белгіленген ережелерді, басқа да нормаларды сақтау.

         Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдер және тіркеу ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап, мына мекенжайы бойынша жүргізіледі: Қарамеңді ауылы, Ш.Жанибек көшесі, 106-кабинет және 2021 жылғы «08» қазанда сағат 15 -30-да аяқталады.

         Аукционға қатысушының аукциондық нөмірге билетін айырбастау                    2021 жылғы «11» қазанда сағат 14-30-дан бастап 15-30-ға дейін мына мекенжайы бойынша: Қарамеңді ауылы, Ш.Жанибек көшесі, 1 аудан әкімдігінің ғимараты, 3-ші қабатта мәжіліс залы.

         Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыру қажет:

  • Аукционға қатысуға арналған өтінімді;
  • кепілдік жарнасының төлегенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
  • өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжатты.

Құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеруге түпнұсқаларын көрсетеді.

Анықтама телефоны: 2-15-26.