Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 427, № 428 қаулыларына сәйкес  халықты қажетті азық – түлік тауарларымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) бөлшек сауда
бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге, оны кем дегенде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен, алты атау бойынша енгізу қабылданды:

1) картоп – 183 тенге бір килограмм үшін;

2) сәбіз – 267 тенге бір килограмм үшін;

3) ақ қырыққабат - 88 тенге бір килограмм үшін;

4) пияз - 85 тенге бір килограмм үшін;

5) ақ қант-құмшекер - 285 тенге бір килограмм үшін;

6) күнбағыс майы – литр үшін 725 теңге.

Аудан әкімдігі ішкі сауда субъектілерінің шекті бағалар мөлшерінен асып кетуін сақтау және ӘМАТ бағасының күрт көтерілуіне жол бермеу бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша шараларды қолданатын болады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202 – бабына сәйкес, ішкі сауда субъектілерінің ӘМАТ-қа шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы - жүз айлық есептік көрсеткіш (291 700 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс – әрекет - екі жүз айлық есептік көрсеткіш (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Картоп, сәбіз, ақ қырыққабат, пияз, ақ қант-құмшекер және күнбағыс майы бағаларынан асып кету фактісі бойынша Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне Қарамеңді ауылы, Победа көшесі 5 мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Тел.: 79-904, 21-144.

Сондай-ақ АНОНИМДІ хабарламалар мен телефон қоңыраулары қабылданбайтынын хабарлаймыз. Сатып алушылар өнімді сатып алу туралы фискалдық чекті ұсына отырып, бұзушылықтарды фотода немесе видеода тіркегені жөн.

 

 

«Науырзым ауданының кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ