Мүгедектігі бар адамдарды онлайн сауалнамаға қатысуға шақырамыз
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мүгедек адамдардың экономикалық белсенділігі үшін жағдай жасау" жобалық офисімен бірлесіп, БҰҰ Даму бағдарламасының сапалы жұмыспен қамтуға мониторинг және талдау жүргізу, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамтылмаған мүгедек адамдар (бұдан әрі-МА) жұмысқа орналасуға қажеттіліктерін анықтау, сондай-ақ жұмыс берушілерде МА ды жұмысқа қабылдау кезінде туындайтын қиындықтарды анықтау мақсатында немесе олардың заңды өкілдері мен жұмыс берушілер арасында онлайн-сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр.
Сауалнама нәтижелері МА-ды жұмысқа орналастырумен және жұмыспен қамтумен байланысты проблемалық мәселелерді неғұрлым терең талдауға және еңбек саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында іс-шараларды іске асыру бойынша одан әрі бірлескен жұмысты құруға ықпал ететін болады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, мүгедектігі бар адамдарды сілтеме бойынша онлайн сауалнамаға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/rQVdMDA2onQcGV7T7