Мемлекет басшысының 01.09.2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: "...мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасауы мемлекетке қарсы ауырлататын қылмыс ретінде қабылдануы керек...»
Осыған байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді, олардың мақсаты кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.
Мысалы, 2021 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі өзгерістер заңды күшіне енді.
Осылайша, ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан, дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектегені, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектегені не қызметіне өзге де заңсыз араласқаны үшін, оның ішінде тексерулер жүргізу тәртібін бұзу, оларға белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) беруден заңсыз бас тарту немесе жалтару арқылы, кәсіпкерлік субъектісінің қызметін және (немесе) оның банктік шоты бойынша операцияларды заңсыз тоқтата тұру, Жеке кәсіпкерлік субъектісін қайырымдылыққа және өзге де іс-шараларға құқыққа қарсы мәжбүрлеп тарту, заңсыз бас тарту, жеңілдіктер мен преференцияларды қолдануға немесе құқыққа сыйымсыз қолданбауға кедергі жасау, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жасаса, не лауазымды адам өзінің қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне қарамастан пайдалана отырып, басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру не өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 365-бабы бойынша жауаптылық көзделген.
Сонымен бірге осы бап бойынша санкциялар күшейтілді, айыппұл мөлшері, шектеу және бас бостандығынан айыру мерзімдері ұлғайды
Осыған байланысты Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда немесе Сіз басқа кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына куә болған болсаңыз, Сіз Науырзым ауданы бойынша бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа осы факті туралы хабарлай аласыз (87073136823 /87776377702) немесе 102.
Науырзым ауданы прокуратурасы