Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!

  "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-5-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуына және оларды таратуға жол бермеуге міндетті.

      Осыған байланысты өз аумақтарында зияндылықтың экономикалық шегінен көп зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің таралуына жол бермеу бойынша фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қажет. Экономикалық шектен жоғары зияндылық анықталған жағдайда химиялық өңдеу жүргізу қажет.

         Бұл ретте мемлекеттің пестицидтерді сатып алуға арналған шығындарын олардың құнының 50% - ына дейінгі мөлшерде субсидиялау көзделген.

Науырзым ААИ-ның басшысы                              С. Алдажұманова