«Дипломмен ауылға!!!» жобасы аясында

«Дипломмен ауылға!!!» жобасы аясында

«Дипломмен ауылға!!!» жобасы аясында 

«Науырзым ауданының экономика, және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтiк қолдау шараларын Науырзым ауданына ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттер бойынша ақпаратты хабарлайды.

  1. Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиелерге 1 500 АЕК дейін (2 917 теңге) немесе 4 375,5 млн.теңгеге дейін(несие мөлшерлемесі 15 жыл мерзіммен 0,01% құрайды).

Мамандарға  тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

  • өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
  • сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
  • Кредиттік бюродан есеп;
  1. Көтерме жәрдемақы 100 АЕК дейін (2 917 теңге) немесе 291 700 теңгеге дейін .

Көтерме жәрдемақы алу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

  • өтiнiш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
  • көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

Өтінім беру үшін мына мекен жайға хабарласыңыздар

Анықтама телефоны: 87145421136.

«Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Қарамеңді с.,Шақшақ Жәнібек көш. 1 каб.209.