2021 жылдың 30 сәуірде аудандық ақпараттық - насихаттау тобының мүшелері Ғабдімәлік Есет Сейтқалиұлы және Айтбаева Гүлжамал Нұрахметқызы
құқық қорғау қызыметкерлерімен «Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы » атты тақырыбында семинар өткізілді.
Кездесу барысында құқық қорғау қызыметкерлеріне демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орныққан, әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтын халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтеу маңыздылығы туралы мәлімет берілді.
Жиын соңында семинар қатысушыларына қызмет барысында пайдалану брошюралар таратылды.
«Науырзым ауданының
ішкі саясат бөлімі» ММ