Сіздерді Бейбітшілік және достық мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке бейбітшілік пен келісімнің символының белгісі. Біздің барлық жетістіктеріміз бен ынтымақтастығымыз – барлық қазақстандықтардың ұлы және мызғымас достығының нәтижесі.
Қазақстан Республикасының ұлтаралық саясаты бейбітшілік идеологиясын ілгерілету, тұрақтылық және мәдениетаралық диалог құру бойынша халықаралық қоғамдастық үшін эталон болып табылады.
Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі - бейбітшілік пен бірлік. Ынтымағы жарасқан ел — қуатты ел. Елдің басты байлығы-бірлік. Бір мақсатпен біріккен Қазақстан халқы бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Әсіресе, үйлесімділік рухы бүгін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемиямен күресетін күндерде сезіледі. Әрқайсыңызға көрсетілген табандылық пен түсіністік үшін алғыс айтамын.
Құрметті жерлестер! Қазақстан халқының бірлігі күні Сіздерге зор денсаулық, игілік және бақ-береке тілеймін! Біздің жүрегімізді достық пен бауырластық, бірлік біріктірсін!
Науырзым ауданының әкімі Т.Карбозов