2021 жылғы 28 сәуірде «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ басшысы А.С. Кашиев, сондай-ақ «ҚОМА» КММ директоры С. С. Қазыбаев Науырзым ауданына жұмыс сапары барысында аудандық мемлекеттік архивке барды.
Аудандық мемлекеттік архив ұжымымен кездесуде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік сақтауға уақтылы тапсыру және олардың жоғалуына жол бермеу мәселелері талқыланды.