Құрметті науырзымдықтар!

Құрметті науырзымдықтар!

Мұсылман әлемінің ең бір қастерлі мерекесі - қасиетті Рамазан айының келуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан айы баршаңызға Мүбарак болсын!
Рамазан - береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы, иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.
Рамазан айының негізгі ерекшелігі - адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, кешірімді болуға, сүйіспеншілікке шақырады. Бiр ай бойы астан ғана емес, бей әдеп сөзден, жат қылықтан тартындырып, сабыр мен төзімге тәрбиелейді.
Дана халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген сөзінен де татулық, ынтымақ ұғымдарын құрметтеудің үлгісін көреміз. Қазіргі уақытта біздің басты мақсатымыз – бүкіл әлем халқын алаңдатқан қауіпті індетті жеңу болса, сындарлы кезеңде сыр бермей сабыр сақтап, тиісті барлық шектеу шараларын толық орындауымызды, тәртіпке бағынуымызды талап етеді.
Құрметті жерлестер!
Қасиетті Рамазан айындағы баршаңыздың тілек-ниеттеріңіз қабыл болғай!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, баршаңызға жақсылық тілеймін!

Науырзым ауданының әкімі Т.Карбозов