Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 08 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 33 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,23 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласы -19, Рудный қ. -6, Қостанай ауданында -4, Қарасу ауданында- 2, Жітіқара және Сарыкөл аудандарында 1-ден.

27 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 28 адамда ауру белгілері болды, 5 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 08 сәуір аралығында COVID-19-дың 14 096 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 12 423.