Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы
Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі жай серiктестiк нысанында осындай қызмет бойынша тұтастай және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу жиынтық салықтық есепке алу болып табылады.
1) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны жүргізу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар үшін – бухгалтерлік құжаттаманы;
2) осы файлдарды ерікті түрде ұсынатын тұлғалар
үшін – тексерудің стандартты файлы;
3) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар үшін – бастапқы есепке алу құжаттарын;
4) салық нысандарын;
5) салықтық есепке алу саясатын;
6) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.
1) салықтық кезең ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және анық ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салықтық есептілік нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салықтық есептіліктің анық жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін салықтық тіркелімдер түрінде ақпаратты қорыту мен жүйелеу нысандарын айқындайды.
Салықтық есепке алу саясаты, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.
7. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді.