1950 жылғы 27 ақпанда БҰҰ қарарында «Халықаралық үкіметтік емес ұйым» ұғымы енгізілді, бұл адамзат үшін маңызды міндеттерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін тануды білдіреді.
27 ақпанды Дүниежүзілік ҮЕҰ күні ретінде атап өту бастмасы ұсынылды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығының қалыптасуы болып табылады. Соңғы 30 жылда үкіметтік емес ұйымдар желісі 100-ден 22 мыңға дейін өсті.
2020 жылы Президенттің Жарлығымен ұзақ мерзімді перспективада азаматтық секторды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа стратегиялық құжат — Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасы бекітілді.
#ҮЕҰкүні, #WorldNGODay, #YourNGODay, #NGODay, #ДеньНПО
@aqparatqogam