Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 23 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 68 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,5 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қаласының 39 тұрғыны, Рудный қ. - 10, Әулиекөл ауданында -8, Сарыкөл ауданында- 6, Алтынсарин және Денисов аудандарында 2-ден, Жітіқара ауданында – 1 жағдай.
44 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 20 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 4 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 54 адамда ауру белгілері болды, 14 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 23 ақпан аралығында COVID-19-дың 12053 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 10566.