"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету»

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету»

Мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбы бүгінгі күні бұрынғыдан да өзекті. Біз бұл құбылысты күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Біздің елімізде мемлекеттік қызмет көрсету саласы Дәстүрлі түрде проблемалар мен сын-пікірлермен қатар жүрді. Кезекте бірнеше сағат тұру, инстанциялар бойынша бірнеше күн жүгіру және басқалар - мұның бәрі халықтың алдында  мемлекеттің өте жағымсыз бейнесін жасады.

Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де заңды және жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі.

Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін алу мақсатында мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары пайдаланылады, "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 30.12.2020 жылғы № 336/2020 бұйрығымен бекітілген 1. "Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары" 2."Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары"; 3."Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары"; 4. "Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі" патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру».

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері мына "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетеді. www.egov.kz, www.elicense.kz

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ М.Сүгірұлы көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Наурызым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ кеңсесінде танысуға болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.