Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ​

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ​

2021 жылғы 12 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 75 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,9 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 35 адам, Рудный қ. - 14, Қостанай ауданында - 7, Жітіқара қ – 5, Арқалық қ., Денисов ауданында және Майлина атындағы ауданында 3 адамнан, Лисаковск қ., Алтынсарин ауданында 2 адамнан, Қамысты ауданында 1 адам.
65 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 57 адамда ауру белгілері болды, 18 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 12 қаңтар аралығында COVID-19-дың 8305 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7459.