2021 жылғы 10 қаңтарда Қостанай облысында COVID-19-дың 63 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,7 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 26 адам, Рудный қ. - 15, Қостанай ауданында - 7, Лисаковск қ. және Денисов ауданында 4 адамнан, Б.Майлин атындағы ауданда 3, Алтынсарин ауданында - 2, Жітіқара қ. мен Меңдіқара ауданында 1 адамнан.
54 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында, 1адам профилактикалық мақсатта, "Қайрақ" автоөтпе арқылы мемлекеттік шекараны өткен кезде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 45 адамда ауру белгілері болды, 18 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында COVID-19-дың 8168 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 7341.