Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 25 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 63 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,3 % құрады.
Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 31 адам, Рудный қ. – 12, Әулиекөл ауданында – 8, Алтынсарин ауданында – 2, Денисов ауданында – 2, Қамысты ауданында – 2, Меңдіқара ауданында – 2, Лисаковск қ. – 1, Сарыкөл ауданында – 1, Ұзынкөл ауданында – 1, Б. Майлин атындағы ауданда – 1.
44 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 11 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 8 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.
Індет жұқтырғандардың ішінде 38 адамда ауру белгілері болды, 25 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 25 қараша аралығында COVID-19-дың 4976 жағдайы тіркелді, 3759 адам емделіп шықты.