Көшпелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Көшпелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Көшпелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

Ведомствоаралық жұмыс тобы отырысы хаттамасын орындау аясында көшпелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

Ведомствоаралық жұмыс тобы отырысы хаттамасының 4.3-тармағын орындау мақсатында                       2026 жылғы 28 шілдеде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бас инспекторы тарапынан көшпелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі ауданның жер қатынастары бөлімі мен Қараменді ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетіндіктен, көшпелі түсіндіру жұмыстары аталған мемлекеттік органдарда өткізілді.

 

Іс-шара барысында жер қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары, заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтау, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді тәжірибеде қолдану мәселелері талқыланды. Қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауаптар беріліп, тиісті ұсынымдар ұсынылды.

 

Аталған іс-шара ведомствоаралық жұмыс тобы отырысы хаттамасының орындалуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.