Басқармамен 2025 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету.
2025 жылы Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Е-лицензиялау» порталы арқылы 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 12,
- қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 9.
Тұрғындармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жүргізілуде. 5 семинар өткізілді, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде 38 материал жарияланды, әлеуметтік желіде 2 тікелей эфир өткізілді, Ашық есіктер күні және басқарма басшысымен мемлекеттік қызметтер сұрағы бойынша жеке қабылдау жүргізілді.