2025 жылдың санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижесі.
Халық денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйіне, оларды талдауға, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйі мен мекендеу ортасының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға, 2025 жылы Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен зертханалық және аспаптық зерттеулердің (өлшеулердің) көмегімен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. 2025 жылы келесі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг түрлері жүргізілді:
Орталықтандырылған су жүйесі сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Қарамеңді а., Шолақсай а., Раздольное а., Буревестник а. орталықтандырылған су құбырларынан микробиологиялық көрсеткіштерге 100 сынама, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 100 сынама, ауыр тұз металлдары көрсеткіштеріне 16 сынама алынды. Буревестник а. су құбырынан микробиологиялық көрсетіштер бойынша 5 сынамасында, санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 5 сынамасында сәйкессіздіктер анықталды. Осыған байланысты «Науырзым-сервис» ЖШС-ке 20.11.2025 жылы шығ.№23-33/31-02-09-488 ұсыным хат жіберілді.
Орталықтандырылмаған су жүйесі сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: бұлақ суы және қоғамдық құдықтардан микробиологиялық көрсеткіштерге 46 сынама, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 46 сынама, ауыр тұз металлдары көрсеткіштеріне 46 сынама алынды. Дәмді а. бұлақ суынан, Өлеңді а., Шилі а., Шолақсай а. құдықтарынан микробиологиялық көрсетіштер бойынша 4 сынамасында, санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 5 сынамасында сәйкессіздіктер анықталды. Ауыл және ауылдық округтер әкімдеріне ұсыным хаттар жіберілді.
Атмосфералық ауаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Абай к-сі «Науырзым-сервис» ЖШС қазандығы орналасқан ауданындағы тұрғын үй құрылысы нүктелерінде 60 өлшеу жасалды. Сәйкессіз 9 сынамалар анықталды.
Топырақтың жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Орталықтандырылған су құбырларының санитариялық-қорғаныш аймақтары және су объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштерге 18 сынама, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 18 сынама, ауыр тұз металлдары көрсеткіштеріне 18 сынама алынды, паразитологиялық көрсеткіштерге 18 сынама, радиологиялық көрсеткіштерге 1 сынама алынды. Сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ.
Су объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Дана-Бике ө., Қарасу ө. микробиологиялық көрсеткіштерге 6 сынама, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 6 сынама, паразитологиялық көрсеткіштерге 6 сынама алынды. Сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ.
Электромагниттік өрістің жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Ш. Жәнібек к-сі «Қазақтелеком» АҚ нүктелерінен 108 өлшеу жасалды. Сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ.
Көше шуының жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг: Әулиекөл-Жолдама автожолы, 34 бұрылыстағы 6 нүктеден 12 өлшеу жасалды. Сәйкессіз сынамалар анықталған жоқ.