Наурызым ауданы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі штаб

Наурызым ауданы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі штаб

26 қазанда аудан әкімдігінде Наурызым ауданы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі штаб отырысы өтті, онда санитарлық талаптарды сақтау және оларды әкімшілендіру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды.
Бүгінгі таңда Наурызым ауданында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Сондай-ақ, аудан әкімі отырыс барысында карантиндік іс-шараларға қарамастан аудан тұрғындары тойларды, адамдар көп жиналатын отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастыратынын, сондай-ақ бизнес өкілдерінің карантиндік іс-шараларды сақтамауы фактілері бар екенін атап өтті. Осыған байланысты аудан әкімі штаб мүшелері мен мемлекеттік мекеме басшыларына карантин режимін сақтау бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.