А.ж. 25 желтоқсанында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша 2025 жылдың үздік қызмет көрсетушісін айқындау жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы ұсынысына сәйкес, Науырзым ауданы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында аудандық акция өткізілді.
Аталған акция аясында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік қызмет көрсетушілер анықталып, Науырзым ауданы әкімінің грамоталарымен марапатталды.
Атап айтқанда, 2025 жылғы «Үздік қызмет көрсетуші» аудандық акциясына белсенді қатысқаны және кәсіби шеберлігі үшін:
– «Науырзым ауданы сәулет, құрылыс және қала құрылысы» ММ бас маманы Төлеу Жұмағұлқызы Кенжеғалиева,
– «Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Юлия Валерьевна Малова,
– «Науырзым ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы Шығыс Нұрқатұлы Ташмағамбетов марапатталды.
Марапат иелерін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, келе жатқан Жаңа жылмен және жыл аяқталуымен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, алдағы уақытта да халыққа сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсету жолында жаңа жетістіктер тілейміз. 🎉🎄
#Науырзым #НауырзымАуданы #ҮздікҚызмет2025 #МемлекеттікҚызмет #ҚызметСапасы #ҮздікҰйым #НауырзымӘкімдігі #Мемқызмет2025 #ҚызметАлушыларғаҚамқорлық #СапалыҚызмет #BestService2025