Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі - бұл Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз.

            Дауыс берушілердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар Президент, Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жасайды.

            Сіздің белгілі бір сайлау учаскесінің аумағында тұруыңыз, тіркелуіңіз сізді сайлаушылар тізіміне қосуға негіз болады.

            Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ оның қай сайлау учаскесіне енгізілгенін көруге құқылы.

            Егер сізге тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болса, сіз уақытша тұрған жеріңіздегі әкімдікке (сайлауға 30 күн қалғанда, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей) сол сайлау учаскенің сайлаушылар тізіміне дауыс беру күні дауыс беру үшін енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар.         Сайлаушылар тізіміне қосуға және алып тастауға, сондай-ақ мәліметтерді нақтылауға байланысты барлық сұрақтар бойынша Сіз Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ала аласыз: (байланыс орталықтары: 871454-21-5-79, 871454-21-5-35)