Өнім бағасының мониторингі.

Өнім бағасының мониторингі.

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановтың төрағалығымен және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен Науырзым ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері  жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Топтың жұмысы барысында әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұру шаралары талқыланды.

Отырыстан кейін жұмыс тобы Қарамеңді ауылындағы бағаларға мониторинг жүргізді.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жеке кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорынан («Тобыл» ӘКК»  АҚ арқылы) өнімдерді іріктеп алуды және бір бөлке үшін 85 теңгеден аспайтын 1-сұрыпты ұннан жасалған қалыпты нан сатуды жандандыру ұсынылды.