«Қызықты өткен алтын күз»

«Қызықты өткен алтын күз»

«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасындағы «Арайлы алтын күз» мерекесі өтті.

Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір балабақшада осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Қош бол, алтын күз» мерекесі барысында балалар күз мезгілі туралы білімдерін ортаға сала білді.Бөбектер өз өнерлерін,шеберліктерін ,тапқырлықтарын көрсете білді.