Деструктивті діни ағымдардың теріс пиғылы

Деструктивті діни ағымдардың теріс пиғылы

Облыстық ақпараттық - насихат тобының мүшесі М.Тойғанов  аудандық ішкі саясат бөлімінің дін мәселесі жөніндегі әдіскері Г. Айтбаева 2020 жылдың 14 қазан күні  аудандық жұмыспен қамту орталығы, ветеринария  станциясы, дене тәрбиесі және  спорт бөлімі, білім беру бөлімі  және жастар ресурстық орталығы  ұжымдарында «Деструктивті діни ағымдардың теріс пиғылы» тақырыбында кездесулер өткізді.     Бұл шараның мақсаты – жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалынан, ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы бүгінгі қоғамдық және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғау және  түсіндіріп жеткізу.

          Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлесе үйлесімді жасап жатқан жұмыстардың нәтижесінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығы сақталып келеді.

        Кездесу барысында қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

   

«Науырзым ауданының

 ішкі саясат бөлімі» ММ