Ағымдағы жылдың 13 қазанында Науырзым ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша жұмыс тобы Қарамеңді ауылында сауда нүктелерін аралау арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.
Жұмыс тобы сауда орындарының иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.