«Сәтті» жол бойындағы кемпинг сервисінің ашылуы

«Сәтті» жол бойындағы кемпинг сервисінің ашылуы

2020 жылғы 8 қазанда «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурс арқылы қаржыландыруға мақұлданған ЖК «Каргулов Е.К.»          «Сәтті» жол бойындағы кемпинг сервисінің ашылуы өтті.

Осы жоба шеңберінде жеке және гранттық қаражат есебінен Докучаевка-Раздольное-Аралкөл автожолы бойынша 33 км жол бойындағы кемпинг сервисін құру көзделеді.

Қарамеңді ауылынан шығатын автожол бойынша аялдауға, демалуға және өтіп бара жатқан жүргізуші-жүк тасушыларға, такси жүргізушілеріне, жолаушыларға тамақ ішуге орын жоқ. Сондықтан, қазіргі уақытта осы жол бойындағы кемпинг қызметін ашу өзекті және қажет, сондықтан жобаның жоғары әлеуметтік маңызы бар.

Бұл жобаның маңыздылығы айқын 2 жаңа жұмыс орны құрылды (6-ға дейін ұлғайту жоспарлануда).

Жобаның бастамашысы ұзақ уақыт бойы бұл мекемені ашуды жоспарлаған болатын, бірақ жобаны толық іске қосу үшін өз қаражаты жеткіліксіз болды. Осы гранттық қаржыландырудың арқасында жобаның бастамашысы жобаны іске қосып қана қоймай, аудан бюджетіне салық аударымдарын арттырады.  Бұл облыстық маңызы бар трасса жол бойындағы кемпинг қызметі қажет.

Сондай-ақ, осы кемпинг жол бойындағы сервисінің ашылуы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының туристік мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді.

Айта кету керек, бұл нысан COVID-19 коронавирустық инфекциясы кезінде қызметіне рұқсат етілген объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуде.