Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері!

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім саласы – ел болашағының, жоғары кәсіптіліктің, қазақстандық жас ұрпақтың отаншылдығы мен руханиятының негізі. Оның басты тірегі – ұстаздардың риясыз еңбегі мен шығармашылық ізденісі.

Кез келген азамат үшін ұстаздың рөлі бөлек. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» – деп ұлы Абай айтқандай, қай заманда болмасын ұстазды ерекше құрметтеген.

Егемендігімізді алған күннен бастап білім саласы назардан тыс қалған емес. Білім ошақтары – мектептеріміз, қазіргі күнгі талаптарға сай жабдықталып, айтулы жетістіктерге жетіп отыр.

Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Бүгінгі мектеп оқушылары, ел тізгінін ұстар – ертеңгі азамат. Білімге құштар жас өркеннен заман ағымына еркін ілесетін, ғылым мен техниканың қыр-сырын білетін, таңдаулы маман тәрбиелеу – ұстаз еңбегінің негізгі өлшемі болып табылады.

Құрметті ұстаздар!

Баршаңызға шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге бақыт, отбасыларыңызға амандық, сіздердің жас ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі істеріңізге және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

Науырзым ауданының әкімі                                  Т.Карбозов